Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғарыға да, төменге де бірдейміз": Тамара Асар ТЖ кезінде әртістерді сынға алған көпшілікке шүйлікті

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар елімізде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдірдіп, желіде азулы жазба жариялады. Өнер иесі төтенше жағдай кезінде көпшіліктің әртістерді сынға алып жатқанына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар бүгінде шоу-бизнес өкілдері барын салып, зардап шеккендерге көмектесіп жатқанын алға тартты. Әншінің сөзінше, өнер өкілдері көмек қолын созса да, орынсыз сынға ұшырап жатыр.

"Ағын су жолын табады, ақ адам оңын табады. Лайымда жолымен оңы табылсын. Ағынсудың ашуы басылып, арнасына қайтуын тілеймін. Табиғатпен таласқа түсер ой жоқ, дей тұрғанмен пендешілікпен кеткен қателіктер жоқ емес шығар. Телефон ұстап, әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Бағана түсте салған видеомның астына көптеген сіни пікір жазылыпты. Оны сіздердің жағымсыз сөздеріңізді оқу үшін емес, елге сөз қолдауым болсын деп салдым", - деп жазды ол.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы ТЖ кезінде демалып шаңғы теуіп жүргені үшін өзін сынап жатқандарға да жауап берді.

"Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге айтарым: Шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Демалыста емеспін үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп, тілегімді тілеп, жеті нанымды пісіріп, ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын.

Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде! "Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой, әншілер" дегендерге: Жоғарыға да, төменге де бірдейміз. Біз де халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса, бірдей күн кешеміз! Өнер адамдары елдегі жағдайларға атсалысып, арнайы ерікті түрде чаттар, орталықтар ашып, қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Ауызбіршігімізден айналайын әріптестерім, үлкен рахмет", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081378-zogaryga-da-tomenge-de-birdeimiz-tamara-asar-tz-kezinde-artisterdi-synga-algan-kopsilikke-suilikti/

pixel