Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамызға түспейді": Байзақова анасымен бірге тұруға күйеуі қалай қарайтынын айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Желі жұлдызы күйеуі мен анасының қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы Байзақова тұрмысқа шықса да, әлі де өз анасымен бірге тұратынын жасырмайды. Блогер ару бұл тұрғыда күйеуінің енесімен бір шаңырақ астында тұруға қатысты ойы қандай екенін ашып айтты.

Ерлі-зайыпты жақында Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Актрисаның анасы да қызымен бірге елордаға көшіп барған.

"Біріншіден, менің анам өте сабырлы әрі ақкөңіл әйел. Анаммен тұрған өте ыңғайлы. Ол Нұрбекті жақсы көреді және үнемі оған жақтасады. Арамызда келіспеушіліктер, жанжалдар болған емес. Оның үйде бар-жоғы білінбейді. Менің анам араға түсіп, кедергі жасайтын адамдар қатарынан емес.

Екіншіден, ол бізге бала қарасуға көмектеседі. Ол мен сияқты баладан шаршамайды", - деп жазды желі жұлдызы Instagram парақшасында.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081642-aramyzga-tuspeidi-baizaqova-anasymen-birge-turuga-kuieui-qalai-qaraitynyn-aitty/

pixel