Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қал-жағдайын білмей кете алмадым": Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті

Опубликовано:

Димаш Құдайбергенов су тасқынына зардап шеккен тұрғындармен
Димаш Құдайбергенов су тасқынына зардап шеккен тұрғындармен. Фото: instagram.com/aktobe.dimash.dears.kz

Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге келді. Ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап № 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, әнші қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды.

Елімізде су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырып, өзінің қай сәтте де қолдауға дайын екенін жеткізген әнші Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбе облысына барды.

Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.

Жылы сөзін арнап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

"Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын", - деді әнші.

Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.

Тіпті күн-түн демеу тынымсыз еңбек етіп, су тасқыны кезінде бел жазбай көмектесіп жүрген еріктілермен кездесті. Гуманитарлық көмек беру орталығының үйлестіру жұмысымен танысты. Бұл ақтөбеліктер үшін үлкен демеу, қолдау сапары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081801-qal-zagdaiyn-bilmei-kete-almadym-dimas-qudaibergen-su-tasqynynan-zardap-sekkendermen-kezdesti/

pixel