Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уайымдап отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау білдірді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы сахнада жылап қалды
Ләйлә Сұлтанқызы сахнада жылап қалды. Видеодан кадр: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде елімізде болып жатқан табиғат апатына қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендерге қолдауын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, су тасқынына қатысты ойын айтты. БАҚ өкілі елдегі жағдайға аса алаңдаулы екенін алға тартып, халқымыздың бұл сынақтан аман-есен өтетініе сенім білдірді.

"Апаттың қазіргі жағдайы, себебі, күресу жолдарын барлық БАҚ бетінен күнделікті көріп, оқып жүрміз. Президентіміз айтпақшы, ақпарат бұрмалануына барынша жол бермеуіміз керек. Үлкендеріміз дұғасына үзбей қосып отыр, іскер азаматтар аянбай қаржылай көмектесуде, волонтерлар аймақ-аймақта жүр.

Бәрінің тілегі -апат тезірек басылып, үйінен, мал-мүлкінен айырылғандар тезірек үйлі болып, бейбіт қалыпты өмірімізге қайта оралса екен. Өзіміздің атымыздан шамамыз жеткенше қаржылай да, керек-жарақпен де көмектесудеміз. Ұлдарым оқитын мектепте де ата-аналар қандай да бір іс-шараға жинаған қаржыны ТЖ-дағы өңірлерге жіберуде. Жанымызды шүберекке түйіп, бірге уайымдап отырмыз", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082023-uaiymdap-otyrmyz-laila-sultanqyzy-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-qoldau-bildirdi/

pixel