Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөгет жасап жатырмыз": Атырауға барған Ринат Гайсин жерлестеріне көмектесіп жүр (видео)

Опубликовано:

Ринат Гайсин Атырауда
Ринат Гайсин Атырауда. Фото: Instagram/gaissin

Отандық танымал композитор Ринат Гайсин еліміздегі төтенше жағдайға байланысты туған жері Атырауға барып, жерлестеріне барынша көмектесуде. Өнер иесі судан қорғайтын бөгеттер жасауға атсалысып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ринат Гайсин елімізде болып жатқан жайттардан кейін, бірден туған өлкесіне көмектесуге аттанған. Белгілі композитор Instagram парақшасында Атыраудан фото мен видер жариялап, бүгінде немен айналысып жатқанын көрсетті.

Өнер иесі қазіргі уақытта жергілікті халықпен бірге Жайық өзенінің бойына қолдан жасалған бөгеттерді орнатып жатыр. Гайсин қапшыққа топырақ толтырып жатқан сәтінен видео жариялаған болатын.

"Жұмысқа қайта кірістік. Отаным бәрінен биік екен. Осылай топырақты саламыз да, дайындап қойған соң оны апарып төсейміз. Бүгін 500 қапшық толтырдық. Жақсы жұмыс істедік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082218-boget-zasap-zatyrmyz-atyrauga-bargan-rinat-gaisin-zerlesterine-komektesip-zur-video/

pixel