Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туған күн тойлайтын заман емес": Дина Төлепберген жаңа жасын қайда қарсы алғанын көрсетті

Опубликовано:

Дина Төлепберген сұхбат кезінде
Дина Төлепберген сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Aman Tasygan

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген 40 жасқа толды. Алайда БАҚ өкілі бұл атаулы күнді тойламайтынын айтты. Ол өзінің жеке мерекесінде еріктілер қатарына қосылып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген жаңа жасын қалай қарсы алғанын Instagram парақшасында көрсеткен. Бейнежазбажа тележүргізушінің өзге еріктілермен бірге жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Олар су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдем жүк көлігін жіберуге атсалысқан.

"Қош келдің, 40 жасым! Негізі өзім той жасап, туған күнді атап өте бермеймін. Су жаңа Қазақстан болып жатқанда, сауық құру - әбестік болар. Сондықтан тамшыдай болсын пайдам халқыма тисін деген ниетпен, Алматылық еріктілердің сабына қосылдым. Алматыдан Атырауға жәрдем жүк көлігін жіберуге ат салыстық. Қол ұшын созамын деп кішкентай көрпесін болсын әкелген қазақты көріп көңілім жылыды. Басына күн туып сыналған халқыма сабыр тілеймін", - деп жазды БАҚ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082260-tugan-kun-toilaityn-zaman-emes-dina-tolepbergen-zana-zasyn-qaida-qarsy-alganyn-korsetti/

pixel