Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"80 жылда болмаған селді көрдік": Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елімізде болып жатқан табиғат апатына қатысты пікір білдіріп, желіде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жұлдыз Әбдікәрімова елдегі төтенше жағдайға алаңдаушылық танытып, орын алған мәселені биліктегілердің тиісті деңгейде шешетініне сенім білдірді.

"Бұл көктемде ел басынан оңай күндер өтіп жатқан жоқ. Мыңдаған отбасы үйсіз қалды. Суға батқан үйлерде қанша адамның мал-дүниесінен бөлек, естеліктері жойылып кетті. Қора-қора мал қырылды. Молалар шайылып, жолдар жуылып кетті. Соңғы 80 жылда болмаған селді көрдік. Су тасқыны әлі де толық бұғатталмай отыр.

Президент, үкімет, кәсіпкер, танымал адамдардың барлығы да өз деңгейінде жағдайға әсер етуге, салдарымен күресуге, жан мен малды аман сақтап қалуға барын салып жатыр. Бірі жария, бірі жасырын қол ұшын беріп жатыр. Барлығына Алла куә. Барша мұсылманға қасиетті болған бүгінгі Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Жүрекке мейірім, қуаныш, сәулелі сәтті сыйлайтын келесі рамазанға түгел жетейік. Жаратқан қазақ даласын түрлі табиғи апаттан, сынақты сәттерден аман сақтасын", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082425-80-zylda-bolmagan-seldi-kordik-zuldyz-abdikarimova-su-tasqynyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel