Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз мұтаждық су тартылғанда басталады": Алтынай Жорабаева көпшілікке үндеу жасады

Опубликовано:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде су тасқынына қатысты жазба жариялап, отандастарына үндеу жасады. Өнер иесі бүгінде жиналған қаражатты жөнсіз жаратпауға шақырды. Әншінің сөзінше, нағыз мұтаждық су тартылғанда басталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева бүгінде елімізде болып жатқан жағдайларға қатысты Instagram парақшасында пікір білдірген. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналып жатқан қаражатты орнымен жарату керек екенін айтты. Себебі әртіс бұл қаржы кейін су тартылғанда да аса қажет болады деп есептейді.

Сонымен қатар әнші өзін көмек көрсетпей жатыр деп сынға алғандарға жауап берді.

"Қазір бір дүрбелең соғып тұрған уақыт болып тұр. Елімізде, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты біраз ойым жинақталып тұр. Жалпы, жекеге "неге үндемей отырсыз, неге көмек бермей жатсыз?" деп жазып жатқан жандар өте көп. "Оң қолың бергенді сол қолың білмесін" дегендей, неге бергенімді айтып, жасаған жақсылыққа берілетін сауапты осы дүниеде тастап кетуім керек? Жариясыз жасағанды көбірек құптаймын .

Одан бөлек , өнер адамдары жиналып, ортақ чат ашып, ол жақта да қаржылай көмек жиналып жатыр. Қиын жағдайға тап болған аймақтардан хабар алып отырмыз. "Әзірге тамақ, керек-жарақтың барлығы жетерлік. Нағыз мұқтаждық осы ажиотаж басылғанда, су тартылғанда басталады. Соған жұмсаған жөн" деді. Дегенмен де , біраз өнер адамдары сол аймақтарға өздері барып, көзбен көріп , ары қарай жиналған қаржыны қаржылай, немесе заттай үлестіреміз деп отыр. Біреу соңғы 1000 теңгесін береді, бір адам көбірек қосады. Маңыздысы, сіздің Алла разылығы үшін жәрдемдесу ниетіңіз", - деп жазды Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082755-nagyz-mutazdyq-su-tartylganda-bastalady-altynai-zorabaeva-kopsilikke-undeu-zasady/

pixel