"Тұңғышымды бес жыл күттім": Толқын Забирова басынан өткен ауыр кезеңді еске алды
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Толқын Забирова тұрмысқа шыққан соң, басынан өткен ауыр кезең туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бес жылдай балалы бола алмай, қатты күйзеліске түсіп кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Толқын Забирова өмірінде болған ауыр кезең жайлы "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтып берді. Әнші күйзелістен жақындары мен жолдасының үлкен қолдауының арқасында шыққанын жеткізді.
"Тұңғышымды бес жыл күттім. Меніңше, бұның барлығы жұмысыммен тікелей байланысты. Гастрольдерде көп жүрдік, суық бөлмелерде жаттық, ауыл арасында жүрген көліктеріміз де суық болды. Содан кейін көп ауырдым. Бірақ бала күткен бес жыл мен үшін ауыр болды. Мен көп жыладым. Сафардың бірінші әйелінен ұлы бар ғой. Ондай кезең басыңнан өткен кезде неше түрліні ойлайды екенсің. "Сен мені бір күні тастарсың, мен бала тумайтын әйелмін" деп айтамын.
Жолдасым болса, "Қайдағыны айта берме, мен сені жақсы көремін. Бала тумасаң да, сенің қасыңнан кетпеймін" деп айтатын. Бір күні маған өзінің үлкен ұлы маған да ұл болып келетінін айтады. Солай барынша менің көңілімді аулауға тырысты. Қатты күйзелгенімді көріп, жұбататын. Ол кезең мен үшін өте ауыр уақыт болды. Қазір айту оңай. Балалар өсті. Сол кездегі жақындарыңның, қасыңдағы жарыңның қолдауы өте маңызды. Олар барда жаман ойлар да жоғалып кетеді екен", - деді Забирова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082809-bala-tumaityn-aielmin-dedim-tolqyn-zabirova-basynan-otken-auyr-kezendi-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.