Ерке Есмахан кенже ұлы жайлы жалған ақпараттан кейін қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты (фото)
Жарияланған күні:
Күні кеше әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жақында дүниеге келген кенже ұлына қатысты жалған ақпарат тарады. Кінәлілерді жауапсыз қалдырмайтынын мәлім еткен әнші қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Құдайдан қорықпайтын адамнан қорқу керек. Аллаға тапсырдым және осымен тақырыпты жаптым. 3-4 күн көңілім түсіп, "Не мақсатпен жазды?", "Адамдар неге жауыз боп бара жатыр?", "Баланы да аямайды", "Неге, неге?" деген сұрақтар мазалап, қорқыныш пен үрей бойымды басқан еді.
Енді сіздердің ақылдарыңызды тыңдап жақсы боп қалдым. Өмір жалғасады, рақмет", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, белгісіз біреулер әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жақында туылған сәбиі жайлы жалған ақпарат таратқан болатын.
Әншінің ұлы жайлы "суыт" хабарды естіген желі қолданушылары оған жарыса жазған. Ерке Есмахан ұлы жайлы жалған ақпарат таратқан дардың жауапсыз қалмайтынын ескертті. Сонымен қатар әнші күйеуі екеуінің бұл ақпараттан жүрегі қарс айырылғанын айтты.
"....Сіздер шошып жатырсыздар, енді осыны көргенде әкесі екеуміз жалған ақпарат болса да, көзімізге жас алып, жүрегіміз қақ айырылды", - деген болатын Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082974-erke-esmaxan-kenze-uly-zaily-zalgan-aqparattan-keiin-qoldau-bildirgen-kopsilikke-algys-aitty-foto/