Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіміз қақ айырылды": Ерке Есмахан кішкентай ұлы жайлы жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның кішкентай ұлына қатысты жалған ақпарат таратқан. Әнші видео жасап, желіге таратқандарды жауапсыз қалдырмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желіде оқырмандарының өзіне алаңдап, жарыса жазып жатқан хатын жариялады.

"Қасиетті айда қасиетінен айырылған біреудің кесірінен оразаның соңғы күні менен жағдай сұрап жазбаған адам қалмады. Мен негізі негативке күліп жауап беріп, артынша бақыт тілеп жіберетін адаммын. Бірақ бұл жолы, маған емес, Раим екеумізге емес, кішкентай балаға тиісті.

Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Сол үшін "Әр қазақ менің жалғызым" деген сөзді айтқым келмейді. Өзім қазақпын. Қазақ халқы тәуір. Бірақ ішінде жетесіз адамдар жетеді. Мысалы, қарап тұрсақ, осыны ойлап, өз қолымен жасап, интернетке шығарған тәрбиесіз бір қазақ бар ғой. Сіздер шошып жатырсыздар, енді осыны көргенде әкесі екеуміз жалған ақпарат болса да, көзімізге жас алып, жүрегіміз қақ айырылды", - деді Ерке Есмахан.

Ерке Есмахан бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Сонымен қатар әнші бұл істі жай қалдырмайтынын мәлім етті.

"TikTok жоқ, қарамаймыз. Сондықтан кеш естіп, көрдік. Әкесі табамын деп кіріп іздеп бастағаны сол еді, видеоны өшіріп үлгеріпті. Артынша жасаған бүкіл парақшасын жоқ қылды. Бірақ қазіргі заманда қаласаң бәрін табуға болады. Бұл істі жай қалдырмаймыз.

Алланың назарынан тыс қалған, жүрегінде бір тамшы иман жоқ, ата-ананың тәрбиесін көрмеген, алды-артын, ұрпағын ойламайтын қандай ғана адам бұны жазған? Үлкен бе, кіші ме? Қыз ба, ұл ма білмейміз. Бірақ, анық қазақ екенін білеміз. Елде су басып, халық қиналып жатқан кезде, Ораза айында балаға тиісіп отырған Алладан қорықпайтын, қандай қарғыс атқан құбыжық екен, а? Айтарға сөзім жоқ. Адамдар, өтініш! Сөздеріңізге, істеріңізге ие болыңыздаршы! Керім халықпыз, қанымыз таза, рухымыз биік, жеті атамыз бар деп тек сөзбен емес, іспен де көрсетіп жүріңіздерші. Қазаққа қазақтан артық жау жоқ болып тұр бұл заманда. Ал видеоны жасаған және жалған ақпаратты таратқандарға Алла жазасын берсін деп дұға еттім", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082377-zuregimiz-qaq-aiyryldy-erke-esmaxan-kiskentai-uly-zaily-zalgan-aqparat-taratqandarga-suilikti/

pixel