Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иван Бреусов марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (видео)

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Отандық танымал әнші, "101" тобының мүшесі Иван Бреусов марқұм Салтанат Нүкеноваға арнау жазып шығарды. Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған келіншектің өлімін аса ауыр қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иван Бреусов Салтанат Нүкеноваға ән арнағанын Instagram парақшасында хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы тың туындысын жариялап, барша оқырмандарына тыңдатқан.

Сонымен қатар әнші марқұм арудың өліміне қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына көңіл айтқан.

"Салтанат, саған ұзақ уақыт бойы қоғамда орын алып келе жатқан әділетсіздіктің символы болу бұйырып тұрған шығар. Салтанаттың барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жаратушы сіздерге күш берсін. Кінәлі адам жазаланып, әділеттік орнасын. Бірақ оның өзі Салтанатты қайтарып бермейді. Бұл жағдай маған да ауыр тиді. Барша Қазақстан сіздерді қолдап отыр.

Менің басқа алып-қосарым жоқ. Мен тек сіздерге бұрында жазып қойған әнімді ұсынғым келді. Бұл туынды Салтанаттың жағдайына сай келіп тұр. Жалпы ер азаматтары тарапынан әділетсіздікке ұшыраған әйелдерге арналған десем де болады. Әйелдер құқығы қорғалу керек", - деп жазды Бреусов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083469-ivan-breusov-marqum-saltanat-nukenovaga-an-arnady-video/

pixel