Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азғырушылар араға түспесін": Айдарбекованы келіндері туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Гүлзира Айдарбекова келінімен. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова 56 жасқа толды. Қайрат Нұртастың анасы жаңа жасын қалай қарсы алғанын әлеуметтік желіде көрсетті. Жұлдызды енені бірінші болып қос келіні құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында туған күнінен екі видео жариялап, келіндері ұйымдастырған тоснсыйды көрсетті.

Бірінші бейнежазбада Заңғар Нұртастың келіншегі оны түнгі 00:00-ден кейін құттықтап, гүл тарту еткенін көруге болады.

"Анашым келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын. Деніңіз сау болсын, әрдайым жанымызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз! Аллам басыңыздағы бағыңыздан айырмасын. Біз сізді жақсы көреміз", - деп ақ тілегін жолдады келіні Индира Мәуленова.

Екінші видеода Айдарбекованы ортаншы келіні құттықтап жатқаны көрнісі тапты. Әйгерім Саркенова қызымен бірге оған ерекше сыйлық дайындап қойған. Олар продюсерге гауһар тастары бар сағатты тарту еткен.

Гүлзира Айдарбекова өзін құттықтап жатқан жақындарына, барша халыққа алғысын айтты.

"Құттықтап жатқан баршаңызға, аналық ақ жүрегіммен басымды иемін! Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін! Барлық ана атаулы осы сөзді дұғаларыңызға қосып айта жүріңіздерші. Алланың мейірімі шексіз ғой шіркін! "Жақсы сөз жарым ырыс" құдалармен жақсы қарым-қатынас, мың жылдық болу да бәрі осы ұл-қыздарымыздың бақытына таңылып қойған. Анашым деп күлімдеп алдыңызда жадырап келініңіз шәйін мәпелеп құйып беріп отырса, аналардың арманы сол емес па?

Қалған минустарының бәрін түзеп қойып отыра бересің ғой. Тек араға азғырушылар түспесін! Отбасының шамшырағы, ұйытқысы осы ене мен келін емес па. Мейірімі шексіз Аллам, ұл-қыздарымыз үлкен әулетті отбасы болып, ауыз біршілігіміз мол болсын! Еңбектің зейнетін көрсем, үміт артқан ұрпағымның бақытын көрсем деген кезде Алла бәле-жала, тіл-көзден сақтасын баршаңызды. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болсын", - деп жазды продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083502-azgyrusylar-araga-tuspesin-aidarbekovany-kelinderi-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel