Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндінің ұлттық киімін киген Альбина Шардарова сұлулығымен көпшілікті таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Альбина Шардарова
Альбина Шардарова. Видеодан кадр: instagram.com/albina.shardarova

Әнші Альбина Шардарова қазіргі уақытта Үндістанда жүр. Үндінің ұлттық киімі саримен жүрген өнер иесі желі қолданушыларын сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Альбина Шардарова видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Киім жарасып тұр ма? Аллаға шүкір, бала кездегі Альбина Үндістанда жүрем деп ойлапты ма? Алла менің ниетіме орай барлық арманымды орындап жатыр. Бұл басы ғана деп ойлаймын. Алланың бізге берері таусылмасын. Тура жолдан айырмасын", - деп жазды Альбина Шардарова.

Ал желі қолданушылары үндінің ұлттық киімін киген әншінің сұлулығы сүйсінткен.

"Керемет жарасып тұр", "Үндістанды аузыңа қаратып жүрсің-ау", "Жақсы демалыс болсын", "Киноның үзіндісі секілді", "Не кисе де, жарасады", "Сұлусыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083508-undinin-ulttyq-kiimin-kigen-albina-sardarova-sululygymen-kopsilikti-tangaldyrdy-video/