Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі болса, басқаша болар ма еді": Айжұлдыз Адайбекова өмірден ерте өткен әкесі туралы айтты (фото)

Опубликовано:

Жанар Айжанова қызымен
Жанар Айжанова қызымен. Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Актриса Айжұлдыз Адайбекова мықты қасиеттерінің әкесінен дарығанын айтты. Жанар Айжанованың қызы әкесі туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кейде әкем тірі болса, жанымда болса, бәрі басқаша болар ма еді деп ойлаймын. Мүмкін, інім немесе сіңлім болар ма еді? Мүмкін Америкаға оқуға кетер ме едім, кім білсін? Бірақ Құдайдың өз жоспары бар және ол қателеспейді.

Мінезім мен батылдығым, табыс таба алатын қасиетім әкемнен келген. Осы үшін әкеме алғысым шексіз. Жанымда болмаса да, тәрбиесін өмір бойы сезініп келем. Сен секілді адамның қызы болу – бақыт", - деп жазды Адайбекова.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Айжұлдыз Адайбекова бір ұл тәрбиелеп отыр. Актриса сәтсіз некесінен кейін арада біраз уақыт өткенде көпшілікке сүйіктісі барын көрсетті.

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова сторис. Скриншот: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083628-tiri-bolsa-basqasa-bolar-ma-edi-aizuldyz-adaibekova-omirden-erte-otken-akesi-turaly-aitty-foto/

pixel