Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттай баланы тәрбиелей ала ма": Роза Әлқожа Айдарбекованы туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Роза Әлқожа мен Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен
Роза Әлқожа мен Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен. Фото: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа өнердегі әріптесі Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ерекше құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Роза Әлқожа Қайрат Нұртастың анасын Instagram парақшасында құттықтап, оған ақ тілегін жолдаған. Әнші Гүлзира Айдарбековаға қолдау білдіріп, халықтың жағымсыз пікіріне мән бермеуге шақырды.

"Көп адам сізге "ана" деп қарауды ұмытып кетті. Сіз қаншама еңбекпен шығарған ұлыңыздың әні қанша рет жүректерін жылытқанын ұмытып кетті. "Өкініш", "Ауырады жүрек болғасын" деп әндетпеген адам аз шығар?! Бүгінде әншілерді бір-біріне шағыстырып, арандатуға көшкендер көп. Өкінішті. Сізге тиіскен кейбіреу өзі Қайраттай бала тәрбиелей ала ма екен?! Сіз жүрген жолмен жүре ала ма екен?! Жаны нәзік болса да қажымаған бір әулеттің әжесіне осы жұрт неге атарға оқ іздеп жүр?!", – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі Қайрат Нұртасты Димашпен салыстырып жататындарды да сөз етті.

"Бәріне өзіміз айыптымыз. Ақпарат бермей, отбасымызды көрсетпей амандығымызды ойласақ нетті?! Бар қайратын қазақ өнеріне жұмсаған Қайратыңыз аман болсын! Бір үйдің баласын "ала қойды бөле қырқатындар" бізді бір-бірімізден айыра алмайды. Димашпен салыстыра бере ме, мейлі, Димаш – әлем жұлдызы. Оның табысы мен күш-қайраты талантындай жойқын. Ал, біз екеуін де жақсы көреміз. Сіз ана болған соң да ашынасыз. Бала елдікі болған соң қорғамаңыз. Оның қалқаны – халқы. Құлынын тепкілеп сүйетін ене жұрты барда ол елін сүйсіндіріп талай шырқайды әлі. Туған күніңізбен, Ана - жүрек", – деп жазды Роза Әлқожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083697-qairattai-balany-tarbielei-ala-ma-roza-alqoza-aidarbekovany-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel