"Енді бәрі басқаша": Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнін Корея елінде қарсы алды
Жарияланған күні:
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 14 сәуірде 36 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін Корея елінде қарсы алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Асықпай, кешікпей келген 36 жасым маған нені түсіндіргі келеді?
Енді бәрі басқаша болатынын жүрек сыбырлайды", - деп жазды Әбдікәрімова Instagram желісіндегі Stories-інде.
Актриса бірер күн бұрын Корея Республикасында сол елдің ұлттық киімімен түскен видеосын жариялаған еді.
"Бірнеше шаруаларымнан бөлек осы сәуір айында болатын Сакураның гүлдейтін кезеңіне түсуді де мақсат еткен едім", - деп жазды ол осы сапары туралы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084459-endi-bari-basqasa-zuldyz-abdikarimova-tugan-kunin-koreya-elinde-qarsy-aldy/