Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той болып кетті": Қайрат Нұртастың анасы туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова 56 жасын дүркіретіп атап өтті. Бастапқыда Қайрат Нұртастың анасы тек ет-жақындарымен тойлауды ұйғарған. Алайда құттықтап келгендердің саны көбейіп, туған күні бәрібір үлкен тойға ұласып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова 56 жасын қалай атап өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Белгілі продюсер туған күнін Шымкент қаласында тойлаған. Ол бастапқыда үлкен той жасамай, шағын ортада өткізуді ойлаған.

"Бұл жолы туған күнімді дүркіретіп өткізбеймін. 13-күні Түркістанда болуымыз керек еді. "Жолай шырайлы Шымқаламда боламын, ағайындарды да әуре етпеймін, тек азын-аулақ замандас достарымызбен өткізе салайық деп шешім қабылдағанмын. Алланың қалауы шығар, құттықтап кіріп шыға саламыз деген қоршаған орта қосылып, бәрібір той болып кетті. Қай елде, қай адамзат баласының басында, кез-келген күні не күтіп тұрғанын білмейміз. Тіптен менің өзімнің неше жыл, неше ай, неше күн, неше сағат өмірімнің бар екені де тек Аллаға аян. Сол себепті өтіп жатқан әрбір сәтімізді бағалайық", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Сонымен қатар продюсер өзіне ақ тілегін жолдап жатқан көпшілікке алғысын айтты.

"Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болып, қазақ елінде тек жақсылықтар орын алсын! Instagram парақшам хатқа толыпты, барша құттықтап жатқан оқырмандарым мен жақындарыма алғысым шексіз", - деп жазды Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084723-toi-bolyp-ketti-qairat-nurtastyn-anasy-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-video/