"Тиісіп қоймады": Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккендерге қанша ақша аударғанын ашық айтты
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде шоу-бизнес өкілдерінің су тасқынынан зардап шеккен халыққа қанша қаражаттан аударғаны жайлы тізім тараған. Әнші Ерке Есмахан осы уақытқа дейін көмек ретінде әртүрлі қорларға 6 млн теңге аударғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Хайп қуғандар біресе балама, біресе күйеуіме, біресе өзіме тиісіп қоймады ғой. 2-3 күн бұрын әншілер жинаған жылудың тізімінде бірнеше адам тұр. Соның ішінен "Ерке Есмахан 200 мың теңге берді" дегенді көріп, шулап жатыр екен. Неге үнемі мен?
Енді сіздер "Ұят" деп отырған 200 мың теңгеге дейін бізден қаншама көмек кетті?! Су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі туыс-танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасадық. Одан бөлек көп қайырымдылық қорына ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп бергеннің өзінен үлкен сома шықты. Одан да бөлмей, 6 млн теңгені бір рет жіберу керек еді. "Дұұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болатын еді" деп отырмын.
Ал күйеуім әрқашан "Алла білсе болды. Адамдар сөйлей береді. Тыныш отыра берші" дейді. Әйелміз ғой. Қалай тыныш отырамын? Мені қоя беріңіз, жасы үлкен әншілерді де қарғап жатыр ғой. Артық сөзден аулақ болыңыздаршы. Олар беруге міндетті емес. Олар - мемлекет емес. Ниетіне қанағат етіңіздер. Күйеуім Оралда жүр. Жағдай әлі жақсармады. Әлде де көмегімізді аямаймыз. Ел басына күн туғанда, бірігудің орнына іріткі салып отырғандарға Алла сана берсін", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084732-tiisip-qoimady-erke-esmaxan-su-tasqyny-bastalgaly-6-mln-tenge-qarzylai-komek-korsetkenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.