jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Мақпал Исабекова өзін сырт келбеті үшін сынаған оқырмандарына жауап берді (фото)

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

    Әнші Мақпал Исабекова биыл екінші сәбиін өмірге әкеледі. Өнер иесі өзін сырт келбеті үшін сынаған көпшілікке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өзін сынаған толассыз хаттарды Исабекова Instagram-дағы парақшасында жариялады.

    "Қазір жүктілігімнің алтыншы айы өтіп жатыр. Гормондық өзгерістер мен жүктіліктің өзіндік қиындықтары бар. Көңілімді көтеру үшін шашымды боятуға бардым. Ал бұл уақытта маған әйелдер түрлі теріс пікір жазды. Маған не үшін теріс пікір жазасыздар? Қандай мақсатпен жазасыздар?

    Сіздер теріс пікір арқылы өзге адамның көңіліне тиемін деп ойламайсыздар ма? Иә, бәрін жүрекке жақын қабылдаймын. Бұл менің болмысым. Егер жақсы сөз айта алмасаңыздар, үндемеңіздер! Бұл қиын емес. Өкініштісі, бізге сырттан жау іздеудің керегі жоқ", - деп жазды Мақпал Исабекова.

    Айта кетейік, әнші 2022 жылдың маусымында тұңғышын өмірге әкелді.

    Мақпал Исабекова өзін сырт келбеті үшін сынаған оқырмандарына жауап берді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.