Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштық болса екен": Айгүл Иманбаева еліміздегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева Қазақстандағы су тасқынына қатысты ойын айтып, барша отандасына қолдау білдірді. Өнер иесі ел басына түскен сынақтың тез өтіп кетуін тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева еліміздегі төтенше жағдайға аса алаңдаулы екенін жеткізді. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында барша қазақстандықтарға видео үндеу жасап, су тасқынына қатысты пікір білдірді.

"Неше аптадан бері Instagram-ға кіруге де зауқым болмай кетті. Өйткені еліміздегі болып жатқан табиғат апаты жанымызға батып,бәріміздің көңіл-күйімізді түсіргені анық. Еліміздің қаншама облысы тілсіз жаудан зардап шегіп, баспанасынан, мал-мүлкінен айырылып , өте қиын жағдайға тап болды. Өзім шетте жүрсем де, бұл жайтқа бей-жай қара алмадым. Елімізде тыныштық болса екен! Тілсіз жаудан Алла сақтаса екен! Осындай сәтте хайп қуып, жағымсыз ақпарат таратпай, керісінше бір-бірімізге дему болайықшы. Жақсы сөз айтып, таза ниетте болайықшы. Бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084777-tynystyq-bolsa-eken-aigul-imanbaeva-elimizdegi-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/