Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшынып қалмаңыз": құрбақа жеген Қайрат Әділгерей желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей құрбақа жеп жатыр
Қайрат Әділгерей құрбақа жеп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/kairat_adilgerey

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей желіде қызу талқыға түсті. Бүгінде Қытай елінде түсірілімде жүрген өнер иесі құрбақа жеп тұрған сәтінен видео жариялап, ел назарын өзіне аудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей Қытай еліндегі түсірілім кезіндегі қызықтарды Instagram парақшасында көрсетті. Актер жергілікті халық сүйсініп жейтін құрбақаның дәмін татып көрді.

Бейнежазбадан өнер иесіне құрбақа аса ұнамағанын байқауға болады. Ол жүрегі айнығандай күй танытып, біразға дейін өзіне келе алмаған. Артынан актер құрбақаның дәмі тауық етіне ұқсас келетінін айтты.

Желі қолданушылары Қайрат Әділгерейдің видеосына түрлі пікір білдіріп, қызу талқы тудырды.

"Олар да біздің қазыны солай жемейтін шығар", "Құрбақа жеймін деп корона алып келмесеңіз болды", "Мен осылай жиіркенсем, ерніме 10 ұшық шығады", "Шынымен қалай күнделікті жей береді екен", "Біздің елдің бақалары бақытты екен ғой", "Ұшынып қалмаңыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084846-usynyp-qalmanyz-qurbaqa-zegen-qairat-adilgerei-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-video/