Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уәдемізде тұруды жөн көрдік": Айдарбекова бастаған өнер жұлдыздары су басқан өңірлерге аттанды

Опубликовано:

Отандық эстрада өкілдері
Отандық эстрада өкілдері. Фото:: Instagram/ @gulziraaidarbekova

Отандық эстрада жұлдыздарының бір топ өкілі су басқан өңірлерге аттанды. Бұл туралы белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өз Instagram парақшасында жазды.

Күні кеше отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа өнер адамдары жинаған қаржыға қажетті заттар алып, батыс аймағына жол тартқалы жатқанын хабарлаған еді.

"Орынбордан келе жатқан су Оралға жақындады. Үйінен көшпей отырғандарға тағы да құлаққағыс! Он метрден аса биіктікте келе жатқан су оңай тимейді, бастарыңыз аман болсын, эвакуациялық аймаққа барыңыздар! Біз Алла қаласа, ертең Атырауда боламыз!Атырау - Орал - Ақтөбе", - деген еді ол Instagram желісінде.

Ал бүгін Гүлзира Айдарбекова бастаған Роза Әлқожа, Өктем Алтаев және Ерғали Әбдірайымов, сондай-ақ Мирас пен Құралай сынды эстрада жұлдыздары Атырау өңіріне аттанды.

"Бүгін-ертең өте қолайсыз уақыт, су көтерілуі ықтимал. Елдер жан-жаққа көшіп кетіп жатыр деген сыбыстарды естіп тұрсақ та, бір Аллаға тапсырып, уәдемізде тұруды жөн көрдік" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекова өз Instagram парақшасында.

Көмекке білек сыбана кіріскен өнер иелері әрі қарай Оралға жол тартпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085257-uademizde-turudy-zon-kordik-aidarbekova-bastagan-oner-zuldyzdary-su-basqan-onirlerge-attandy/