Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұғысты болсын": Жігер Ауыпбаев әкесінің туған күніне тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев әкесімен
Жігер Ауыпбаев әкесімен. Видеодан кадр: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Әнші Жігер Ауыпбаев әкесін туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба арнады. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында әкесіне тосынсый жасағанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әке туған күніңіз құтты болсын! Кішігірім сыйлығымды қабыл алыңыз. Бұл бастамасы ғой. Үлкен көлік, үлкен сыйлықтар бұйырса алда болады", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Видеодан әншінің анасы мен әкесін көлік дүкеніне әкелгенін көруге болады. Осыдан соң Жігер Ауыпбаев әкесіне көлік кілтін табыстайды.

Осы сәтте әншінің әкесіне көзіне жас алды.

Желі қолданушылары Жігердің әкесін туған күнімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

"Туған күні құтты болсын", "Әкеңіз жүз жасасын", "Анаң мен әкең сендердің қызықтарыңды көрсін", "Жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаев өзін емдету үшін анасы мен әкесі үйін сатуға мәжбүр болғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085428-zugysty-bolsyn-ziger-auypbaev-akesinin-tugan-kunine-tosynsyi-zasady-video/

pixel