Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құттықтаңыздар": ақ көйлек киген Мөлдір Әуелбекова көпшілікті қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова қалыңдық көйлегімен видео жариялап, оқырмандарының қызу талқысына түсті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында көпшілікке өзін құттықтауға болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ал құттықтаңыздар. Әр әйел бақытты болуға лайықты", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Видеодан қалыңдық көйлегін киген Мөлдір Әуелбекованы көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына таңғалып, жарыса пікір жазды.

"Алла бағыңды ашсын", "Үшінші рет тұрмысқа шығып жатыр ма?", "Мүмкін көйлек өз коллекциясынан шығар", "Нәзік, әдемі көйлек екен", "Бақытты болыңыз", "Не нәрседен қалып қойдық?", "Нешінші рет тұрмысқа шықса да, өзі біледі. Ең бастысы, бақытты болсын", "Өте сұлусыз", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі күйеуінің де өзін асырамағанын және оларға қаржылай тәуелді болмағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085440-quttyqtanyzdar-aq-koilek-kigen-moldir-auelbekova-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-video/

pixel