Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Джеки Чанның жазда жарыққа шығатын фильміне саундтрек орындайды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген өз концертінде
Димаш Құдайберген өз концертінде. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Отандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның жазда жарыққа шығатын фильміне саундтрек орындайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Басылым хабарлауынша, Джеки Чанның жаңа туындысын әуенмен америкалық композитор және продюсер Нейтан Ванг әрлеген. Жұлдыздар бірнеше жыл бойы шығармашылық тандемде жұмыс істеп келеді.

Ал қазақстандық әнші аталған фильмге саундтрек орындайды.

Айта кетейік, Димаш Чанның 2020 жылы жарыққа шыққан "Авангард" фильмінде ән шырқаған еді. Сонда Happy атты туынды табысқа ие болып, FRESH-ASIA хит шеруінің көшін бастаған.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген өткен жылдың күзінде Қытайдағы Golden Panda жүлдесінің салтанатты шарасына қатысып, әнші Вэй Вэймен кештің басты музыкалық әуенін орындаған.

Бұл дуэт киножұлдыз Джеки Чанды тамсандырды. Ән авторы Нейтан Ванг та Димаш пен Вэй Вэйдің дуэтіне қайран қалғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085464-dimas-dzeki-cannyn-zazda-zaryqqa-sygatyn-filmine-saundtrek-oryndaidy/

pixel