Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің заңыммен жүресің дедім": Шолпан Бейсенованың енесі әнші келіні туралы айтты

Опубликовано:

Шолпан Бейсенова
Шолпан Бейсенова. Фото: Instagram/sholpan_singer

"Domino" тобында өнер көрсеткен Шолпан Бейсенова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында зәулім үйін көрсетіп, өз отбасымен таныстырды. Әншінің енесі танымал келіні туралы айтып, онымен қарым-қатынасы қандай екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шолпан Бейсенованың енесі бастапқыда келіні әнші болғаның қаламай, ұлының таңдауына қарсы болғанын жасырмады.

"Балам үйленетінін айтып, қызын таныстырмақ болды. Шолпан деген әнші қыз екенін айтты. Мен оған "мына үйге әнші жетпейді ме?" дедім. Оның үстіне ұлым үйдің кенжесі болғандықтан, қара шаңырақта қалуы керек еді. Сол себепті бұл жайтты сүйіктісіне ескерту керек екенін айттым. "Кейін араларыңда мен тұрып қалмайын" дедім. Сол кезде Шолпан "сенің анаң, менің де анам ғой" деп айтыпты. Осы сөздерімен мені алды ғой. Негізі бастапқыда мен қарсы болып жүргенмін. Әнші болғандықтан қорқақтадық", - деді әншінің енесі.

Сонымен қатар Шолпан Бейсенованың енесі әншінің бүгінде қандай келін екенін айтып берді.

"Бір күні үйде ет асып жатқанда Шолпан дүкеннен жайма сатып алып келіпті. Бірақ мен оған біздің үйде тек қолдан жайылған қамыр жейтінін айттым. Келініме осы шаңыраққа сіңісіп кеткің келсе, сен менің заңыммен жүресің" дедім. Оның үйінде бәрі жайма жей беретін шығар. Бірақ менің үйімнің заңында қамыр болуы шарт. Сол себепті Шолпаныма қамыр жаюды өзім үйреттім. Қазір келінімнің қамырына бәрі таласады", - деді енесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085473-menin-zanymmen-zuresin-dedim-solpan-beisenovanyn-enesi-ansi-kelini-turaly-aitty/

pixel