Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды шолжаң, ерке, сотқар қылып өсіреміз": Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева келіншегін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс-министрдің Қуандық Бишімбаевтың ісіне пікір білдірді. Өнер иесі қоғамда қыз-келіншектерге қатысты қалыптасып кеткен көзқарас жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева қыз бен ұл бала тәрбиесін талқылап, ата-аналардың жіберетін басты қателіктерін атады.

"Салтанаттың ісіне байланысты сот ісі. Біз жалпы, адам өлмесе оянбайтын халықпыз ғой. Қызың қанша рет жылап, көзі көгеріп келсе де, елден ұят деп қайтаратын халықпыз. Ұлды шолжаң, ерке, сотқар қылып өсіретін де өзіміз. Қандай тентектік болса да, ойнас жасаса да, ұрса да соқса да еркекке жарасады! Әйел бір қателік жіберсе, елден ұят, жерге кіреді. Әйелдің дәрежесін Алла көтеріп қойған! Алайда, соны түсіретін ең бірінші әйелдер.

Жас қызға "Сен әйелсің, төмен тұруың керек" деп үйрететін анасы немесе енесі. "Еркекке қарсы сөйлемеу керек", "ол ішсе, соқса , шыдау керек", "еркектің бар жамандығына әйел кінәлі", "еркек ойнас қуып кетсе, әйелі нашар", "еркек құмар ойнап кетсе, әйелі жасырып отыру керек", деген сияқты шегі жоқ тыйымдарды үйрететін де әйелдер. Таяқтың екі ұшы болатыны тағы бар. Жөні сол екен деп, екі жасты бірден ажырастыруға да болмас. Дегенмен, санасызға қайта-қайта қызыңды қорлап қоса берген де теріс", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Өнер иесі қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған әйелдер туралы да айтып өтті. Сондай-ақ Жорабаева экс-министр Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысының тым созылып кеткеніне шүйлікті.

"Таяқтай беретін күйеуінен қорғанам деп өлтіріп алса, әйелді бірден соттаймыз. Түркістан облысындағы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Ол әйел де таяқ жеп шаршап, мен де өзімді қорғайын деген шығар. Алайда, әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген еркекті соттай алмай созбалаңға саламыз. "Әйелі миын жеген екен ғой, тілінен тапқан, өзінен де бар" дейміз. Сосын, әйелдің дәрежесі қалай көтерілсін", – деп ашынды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085542-uldy-solzan-erke-sotqar-qylyp-osiremiz-zorabaeva-turmystyq-zorlyq-zombylyq-turaly-pikir-bildirdi/

pixel