Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен 5 жасқа толған ұлының туған күнін ерекше атап өтті

Опубликовано:

Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен
Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен. Фото: : instagram.com/burakozcivit

Танымал түрік актерлері Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен 5 жасқа толған үлкен ұлының туған күнін "Трансформерлер" стилінде атап өтті. Кештің жарқын фотолары жұлдызды жұптың желідегі парақшасында пайда болды.

Актерлер ұлының жекеменшік мерекесін зәулім үйінің ауласында тойлаған. Жарқын суреттер үшін мерекенің тақырыбына байланысты арнайы фотоаймақ жасалған. Ал кеш фантастикалық "Трансформерлер" стилінде ұйымдастырылған.

Бурак пен Фахрие фотоаймаққа суретке түсіп, желі қолданушыларына қуанышын бөлісті.

"Менің Караным 5-ке толды. Туған күніңмен, ер азаматым" , - деп жазды Бурак Озчивит.

Фахрие Эвджен де өз тұңғышын желіде құттықтауды ұмытқан жоқ. Желі қолданушылары киножұлдыздары құттықтап, туған күн иесіне жылы тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085551-burak-ozcivit-pen-faxrie-evdzen-ulynyn-5-zas-tugan-kunin-erekse-atap-otti/

pixel