Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіңе көп алмашы": Нұрболат Абдуллиннің су жаңа образы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: Instagram/ nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин жаңашылдықтан ешқашан қорыққан емес. Өнер иесі осы жолы да өзін жаңа образда байқап көргісі келген сыңайлы. Алайда бұл жолы да серінің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр.

Эстрада жұлдызы кезекті видеосына жолсерік образын таңдаған.

"Жолсерік болмағаным қандай жақсы" ,- деп жазған Нұрболат Абдуллин.

Әрдайым шулы пікір астында қалатын өнер иесі бұл жолы да назарға ілікті. Желі қолданушыларының бірі сыр-сымбаты келіскен әншіні мақтаса, енді бірі даттауға көшті.

"Пойызға мінген адам түспей қалатын еді" , "Жолсерік болсаңыз, тек қазақтың емес, басқа елдің қыздары да ұнатар еді", "Еркекке ұстамды болған жарасады", "Қазақтың нағыз жігіті", "Өзіңе көп алмашы" деп жазды жұрт.

Ал Нұрболат Абдуллиннің еті сынға үйренген. Сондықтан кереғар пікірлер әншіні алаңдата қоймасы анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085632-ozine-kop-almasy-nurbolat-abdullinnin-zana-obrazy-qyzu-talqyga-tusti/

pixel