Актер Асқар Ілиясов Айя Шалқармен қарым-қатынасын растады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Асқар Ілиясов модель Айя Шалқар екеуінің арасында не бар екенін ашып айтты. Өнер иесі екеуі жұп екенін айтып, алғаш рет қарым-қатынасын растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Асқар Ілиясов Айя Шалқар екеуі жайлы айтылып жатқан толассыз қауесеттерден кейін өзі ресми мәлімдеме жасауды жөн көрген. Актер "Revue News" бағдарламасында модельмен кездесіп жүргенін айтты.
"Иә, біз жұппыз. Бірақ қалай танысып, махаббат хикаямыз қалай басталғанын айтпаймын", - деп қысқа қайырды Ілиясов.
Айта кетейік, бұл жұлдызды жұп алғаш рет Айя Шалқардың туған күнінде көпшілік көзіне түскен болатын. Содан бері оларды көптеген іс-шарада бірге көре бастады. Осы жайттардан кейін оқырмандар жұлдыздардың арасында сезім бар екенін болжап жазды. Алайда актер мен модель ару ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасына қатысты пікір білдірмеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085662-akter-asqar-iliyasov-aiya-salqarmen-qarym-qatynasyn-rastady/