АҚШ-та жүрген Марат Омаров тасқыннан зардап шеккен отандастарына ән арнады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров су тасқынынан запдап шеккен отандастарына ән жазып шығарды. Бүгінде Америка құрама штаттарында жүрген өнер иесі елдегі жағдайға асқан алаңдаушылық білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Марат Омаров қазіргі қиын жағдайда отандастарына қолдау білдіріп, жаңа ән шығарған. Өнер иесі жаңа туындысын өзінің Instagram парақшасында жария етті.
Эстрада жұлдызы бұл жағдайды ауыр қабылдаған. Әнші алыста жүрсе де, қазақстандықтар үшін қатты алаңдаулы екенін айтты.
"Еліме келген қиыншылықтың артынан қуанышты мамыражай күндер келсін! Қазағымның жеріне бақытты сәтттерді нәсіп ете гөр", - деген жазба қалдырды Омаров.
"Алыста жүрсе де, осы болып жатқан жайтты көріп, әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні", - деп жазды Зарина Омарова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086136-aqs-ta-zurgen-marat-omarov-tasqynnan-zardap-sekken-otandastaryna-an-sygardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.