"Он перзентке өмір сыйлады": Нұрлан Өнербаев 83 жасқа толған анасына жантебірентерлік жазба арнады (фото)
Жарияланған күні:
Танымал отандық әнші Нұрлан Өнербаевтың анасы 83 жасқа толды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында анасына жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің анам 100 жас жасайды. Бүгін менің анамның туған күні. Жасы 83-ке келді. Кеше бүкіл балалары, немерелері, шөберелері жиналып, анамызға "Біздің бағымызға 100 жасаңыз" деп тілек тіледік. Анам 1959 жылдың ақпанында Өнербай әулетіне келін болып түсіп, бүгінде осы әулеттің ең үлкен батагөйіне айналып отыр.
Ата-ененің алдын көрді, қызметін жасап, батасына кенелді. Ағайынның көңілін тапты. Әлеттің мақтаулы келіні болды. Көрші-қолаңға ақ көңіл, кең пейілін көрсетіп, ауылдың сыйлы кейуанасы атанды. Құдай қосқан жарына адалдығын сақтап, отбасының отын 60 жылға жуық бірге жақты. Он перзентке өмір сыйлап, шаңырақты шаттыққа бөледі. Отызға жуық немере мен қырыққа жуық шөбереге аяулы әже болды. Анамыздың бұл күндегі ең жақсы көретін асы - шөберелерінің алақанынан май жалау. Өсірген ұл-қыздары бүгінде ел құрметіне бөленіп, анасын "Алтын құрсақты ана" атандырды. Елі құрметтеп, төсіне алтыннан алқа тағып, "Батыр ана" деп марапаттады. Анамыздың айтуынша, ауыл үлкендерінен, ата-енелерінен, алдыңғы абысындарынан "Жүз жаса, айналайын" деген тілекті көп естіпті. Біз де анамызға "Жүз жасаңыз" деп тілейміз", - деп жазды Нұрлан Өнербаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086142-on-perzentke-omir-syilady-nurlan-onerbaev-83-zasqa-tolgan-anasyna-zantebirenterlik-zazba-arnady-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.