"Сөйлесіп жүрген қызы болды": Зарина Омарова күйеуімен қалай танысқанын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Зарина Омарова жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарып, күйеуімен алғаш танысқан кезді еске алды. Өнер иесі жолдасы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Зарина Омарова күйеуі екеуінің қарым-қатынасы қалай өрбігенін "Ойбай" бағдарламасында айтты. Әнші жолдасын алғаш көрген кезде бірден ұнатқанын жасырмады. Ол сондай ер азаматты армандағанын жеткізді.
"Сіңлім ІІМ академиясында оқитын жігітпен араласып жүрді. Мені таныстырғысы келді. Ол жігіт мейрамханаға екі досымен келіпті. Екеуміздің арамызда бірден сезім пайда болды десем де болады. Менің арманымдағы ер азаматтың сипатына сай келді. Бойы ұзын, көп сөзі жоқ, сымбатты, қаталдау. Дәл осындай жігітті күттім. Бірақ біз тек бір айдан кейін ғана араласа бастадық. Оның қызы болған.
Біз екі жыл бойы кездесіп жүрдік. Бұл аралықта маған көңілін білдіргісі келген жігіт көп болды. Ол қарапайым отбасыдан шыққан. Маған Audi көлігімен келсе, басқа біреу қымбат маркалы көлікпен келіп тұратын. Бірақ мен бәрібір жігітімнің көлігіне отыратынмын. Мен адамның жағдайына ешқашан қараған емеспін. Мен үшін бастысы сыртқы келбеті, өзін қалай ұстайтыны мен сенімділігі. Жолдасып кездесіп жүрген кезде де қызғаншақ болған. Қызғанышпен өмір сүру қиын. Бірақ келістіруге болады", - деді Зарина Омарова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086178-soilesip-zurgen-qyzy-boldy-zarina-omarova-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.