Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ренжідім": Зарина Омарова ата-анасының ажырасуына кім себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Зарина Омарова сұқбат беруде
Зарина Омарова сұқбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Ойбай

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова ата-анасы жайлы жан сырын ақтарып, олардың ажырасуына кім себеп болғанын ашып айтты. Өнер иесінің сөзінше, ерлі-зайыптының екіге кетуіне әжесінің де септігі тиген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова өміріндегі аса ауыр кезең жайлы "Ойбай" бағдарламасында сыр шертті. Өнер иесі ата-анасының ажырасуына әжесінің тікелей қатысы бар екенін жеткізді. Сөзінше, әжесі мен анасы өзара тіл табыса алмаған.

"Үшінші сыныпта оқып жүргенімде ата-анам ажырасып кетті. Танымал адаммен бірге тұру өте қиын. Әжемнің де қатысы бар. Ол кезде әкемнің атағы жер жарып тұрған кез еді. Негізі әкем анамды тыңдайтын. Бірақ ол жерде өз анасы да болды. Әжемнің мінезі өте қатты болды. Олардың екіге кетуіне әжемнің де септігі тиді деп айта аламын. Әжем мен анамның арасында түсініспеушіліктер болды. Олардың мінездері ұқсас болатын.

Жанжал болған кезде әкем құлағын жауып, кетіп қалатын. Әкем әйелдердің айтқанын істеп жүрді. Ол өнер адамы болғандықтан аса сезімтал еді. Ал анасы мен келіншегінің мінезі баршылық еді. Соңында анасының сөзін тыңдап, шығармашылығына арқау болған музасынан ажырасты. Бала болсам да, маған қатты ауыр тиді. Ол кезде ес біліп қалған кезім еді. Әкеме ұзақ уақыт бойы ренжіп жүрдім", - деді Зарина Омарова.

Өнер иесі отбасының шайқалуына әкесінің шығармашылығы да септігін тигізгенін жасырмады.

"Әкем гастрольдік сапарларға жиі шығатын еді. Үйде көп болмайтын. Сол жағы анама қиын болды. Ол да әйел ретінде өзіне көңіл бөлгенін қалады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086265-qatty-renzidim-zarina-omarova-ata-anasynyn-azyrasuyna-kim-sebep-bolganyn-aitty/

pixel