Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Өтекешова марқұм жолдасы Құман Тастанбеков туралы кітап жарыққа шығатынын айтты

Опубликовано:

Құман Тастанбеков, Мереуерт Өтекешова
Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева. Фото: egemen.kz

Қазақ кинематографиясының жарық жұлдыздары Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева "Қыз Жібек" фильмінде танысып, шаңырақ көтерген. Актриса марқұм жұбайы туралы кітап жарық көретінін "REVUE NEWS" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, бүгінде Меруерт Өтекешова 73 жасқа толған.

"Жалпы "Қыз Жібек" фильмінің жарыққа шыққанына 50 жылдан асты. Құдай бұйырса, келесі жылы Құрманға арналған кітап шығады. "Қыз Жібек" фильміне деректі фильм түсірдім. Өмір жалғасып жатыр. Құдай бұйыртса, күзде тұсаукесері болады", - деді Меруерт Өтекешова.

Айта кетейік, актриса Меруерт Өтекешова мен актер Құман Тастанбеков танымал отандық "Қыз Жібек" фильмінің басты рөлінде ойнаған. Олардың фильмдегі махаббаты өмірде жалғасын тауып, кейін екеуі отбасы құрады. Жұлдызды жұптың Жібек, Томирис, Фараби есімді ұл-қыздары бар.

Еске сала кетейік, Құман Тастанбеков 2017 жылы дүниеден өтті.

Сонымен қатар актриса күйеуі жайлы естелігін бөлісіп, марқұм күйеуі сияқты жігітті еш жерде кездестірмегенін айтты.

"Мен түсірілімге мектеп бітіргеннен кейін келдім. 17 жаста едім. Ал Құман студент, сымбатты жігіт, ұзын бойлы. Ондай жігітті қазір еш жерде көрген жоқпын. Сымбатты жігіттер көп. Бірақ Құман сияқты жігітті мен көрген жоқпын. Құман нағыз ауылдың жігіті. 20 жасында Алматыға оқуға келді", - деп еске алды Меруерт Өтекешова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086283-meruert-otekesova-marqum-zoldasy-quman-tastanbekov-turaly-kitap-zaryqqa-sygatynyn-aitty/

pixel