Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ипотекаға алдық": "Күлпаш" рөлімен танылған актердің әйелі жылдар бойы пәтер жағалағанын айтты

Жарияланған күні:

Қарлығаш Тұрсынбекова
Қарлығаш Тұрсынбекова. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған Берік Тұрсынбековтің жұбайы Қарлығаш Тұрсынбекова жылдар бойы жалдамалы пәтер жағалағанын айтты. Актриса "Менің өмірім" бағдарламасында Шымкент қаласынан үш бөлмелі пәтерді ипотекаға алғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйленген жылдары Құрмаш деген кісінің үйінде тұрдық. Пәтер жалдап тұрдық. Пәтер жалдаудың патшайымы едім. Кешеге дейін пәтер жағаладық. Қазір ипотекаға пәтер алдық. Үш бөлмелі үйіміз бар, оны жасырмаймын. Шымкент қаласынан 15 жылға алдық. Әлі төленбеген екі жылы бар. Аман болсақ, баламыз үйленгенше төлеп бітетін шығармыз.

Менің анам мен әкем Шымкентте тұрды. Сол кезде үйге барсам, нан мен шай алсам болады ғой. Бірақ бармайтынмын. Ештеңе білдірмейтінбіз. Беріккке қарап, махаббатқа мас болып жүре беретінмін", - деді Қарлығаш Тұрсынбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса жүкті кезде үш күн аш жүргенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086346-ipotekaga-aldyq-kulpas-rolimen-tanylgan-akterdin-aieli-zyldar-boiy-pater-zagalaganyn-aitty/