Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі күннен кейін келді": "Күлпаш" рөлімен танылған актердің әйелі жүкті кезде үш күн аш жүргенін айтты

Опубликовано:

Берік және Қарлығаш Тұрсынбековтер
Берік және Қарлығаш Тұрсынбековтер. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған Берік Тұрсынбековтің жұбайы Қарлығаш Тұрсынбекова отбасылық құпиясын бөлісті. Актриса аяғы ауыр кезде бірнеше күн аш жүргенін "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз қиын кезеңдерді бастан өткіздік. Кішкентай қасыққа дейін адал еңбекпен таптық. Бізде тіпті дастархан да болмады. Аптасына алатын газеттің бір парақшасын үстелге төсеп, дастарқан орнына пайдаланатын едік. Аш жүрген кезіміз де болды. Тіпті тұңғышыма жүкті кезде 3 күн бойы аш жүргенім есімде.

Ол кезде бізді ешкім танымайды ғой, "Шымкент шоу" деген театрдың барын да білмейді. Театр енді ашылып жатыр еді. Ауылдарға барып, концерт қойғаннан кейін апалардың айран, нан, майын тойып жеп алатынбыз. Концерттен кейін бір үй шай беретін. Соған мәз болып, тоқ жүретінбіз. Концерттен түскен 5-10 теңгеге картоп, пияз аламыз. Ол біздің бір күндік тамағымыз еді. Солай жүкті кезімде 3 күн бойы аш жүріп, әлсіреп қалғаным бар. Берік үйге келгенде "Қарным аш" деп жылағанмын. Жолдасым менің күйімді көрді де, "Қазір келемін" деп кетіп қалды. "Жеуге ас алып келетін шығар" деп күтіп жаттым. Бірақ Берік тек екі күннен кейін келді. Құр қол келмей, жейтін заттар ала келді. Ақша табу үшін тойға шығып кеткен екен", - деді Қарлығаш Тұрсынбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарлығаш Тұрсынбекова "Күлпаш" рөлі арқылы танылған жолдасы Берік Тұрсынбековтің өмірде қандай адам екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085602-eki-kunnen-keiin-keldi-kulpas-rolimen-tanylgan-akterdin-aieli-zukti-kezde-us-kun-as-zurgenin-aitty/

pixel