Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың қазақша сөйлейтін швейцариялық жанкүйері жайлы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Эстер Ульман
Эстер Ульман. Видеодан кадр: Instagram/ tansholpan_tv

Димаш Құдайбергеннің қазақша сөйлейтін швейцариялық жанкүйері бар. 67 жастағы Эстер Ульман қазақстандық әншіні көру үшін әлемді шарлаған, деп жазады "Таңшолпан" бағдарламасы.

Бағдарлама мәліметінше , Эстер Ульман Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына қызығып, қазақ тілі мен мәдениетін үйренген. Ол әншіні өз көзімен көру үшін тіпті Дубайдағы, Анталья мен Прагадағы концертіне барған.

"Періштенің дауысы. Пандемия кезінде Youtube желісінен Димаштың әнін тыңдағанда ең әуелі осындай ой келді. Бет-әлпеті, актерлік шеберлігі, режиссерлік қабілеті - бәрі үйлесім тапқан. Мұндай талант қай елдің тумасы екенін білгім келіп, сұхбаттарын қарап, өзі туралы ақпарат іздедім. Сонда оны кәсіби әртіс қана емес, өмірлік құндылықтарын жоғары қоятын азамат ретінде таныдым", - дейді 67 жастағы әйел.

Эстер Ульманның қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы дәл осылай басталған. Бірер жыл бұрын ол Димаштың қарағандылық жанкүйерлерінің кездесуіне арнайы келіпті. Өткен жылы Алматыда Наурыз тойына қатысса, биыл Ұлыстың ұлы күнін Түркістан халқымен бірге қарсы алыпты.

Жалпы Эстер Ульманның ұлттық киім мен әшекейге деген махаббаты ерекше. Ең қызығы, ол өткен жылы Димаштың концертіне шашын арнайы көк түске бояп келген екен.

Қазір Эстер әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдаланады. Өз блогында ол қазақ елі мен Димаштың өнеріне қатысты видеоларын бөліседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086370-dimastyn-qazaqsa-soileitin-sveicariyalyq-zankuieri-zaily-ne-bilemiz-video/

pixel