Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Zheka Fatbelly Петропавлда құтқарылған күшіктерді көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жеңіс Омаров
Жеңіс Омаров. Видеодан кадр: Instagram/ zheka_fatbelly

Zheka Fatbelly деген атымен танымал қазақстандық блогер Жеңіс Омаров су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Петропавлға барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алыстан қарап отыруға шамам жетпеді. Ұшып келдік те, бірден солтүстікке аттандық. Баршаңызға сабыр берсін!", - деп жазды Жеңіс.

Блогер қазір Петропавлда жағдай қандай екенін көрсетіп, құтқарушылармен бірге жұмысқа кірісті.

"Уақыт. 3:41. Бізді адамдарды эвакуациялау үшін оятты. Бауырларымыздың артынан келе жатырмыз. Бұл Большая Малышка ауылы. Иттерді тауып алып, құтқардық. Жігіттер, сендерге рахмет", - деді блогер құтқарушыларға алғыс білдіріп.

Жеңіс жеті иттің құтқарылған сәтінен жүрек тебірентерлік кадрлар көрсетті.

"Бүгінгі жүректі елжіреткен дүние", - деді Zheka Fatbelly.

"Бұлар қорғансыз ғой, мейірімділіктеріңіз Алланың назарына ілінсін", "Әр құтқарылған өмір үшін рахмет", "Жарайсыңдар, жігіттер", "Көзінде қорқыныш көп" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086502-bloger-zheka-fatbelly-petropavlda-qutqarylgan-kusikterdi-korsetti-video/

pixel