Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақ қып шақырды": Балжан Бидаш бағдарламада бірге ән айтқан футболшы жігіттің анасымен кездесті (видео)

Опубликовано:

Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев
Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев. Фото: instagram.com/konysbayev7

Әнші Балжан Бидаш отандық бағдарламаның бірінде футболшы Ұлан Қонысбаевпен жұп болып, ән айтты. Өнер иесі Астанаға барған сапарында футболшының анасы мен қарындасымен кездескенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Достар, мен Астанаға келдім. Қазір кіммен кездесіп отырғанымды қараңыздар. Ұланның өзі емес. Ұланның анасы мен қарындасымен кездесіп отырмын. Мені қонақ қып шақырды. Ұлан қайда? Ұлан анасынан аумайды. "Ұлан қайда? Қашан шығасыңдар" деп оқырмандарым сұрайды", - деді Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода.

Еске сала кетейік, Балжан Бидаш отандық "Егіз лебіз" жобасында футболшы Ұлан Қонысбаевпен өнер көрсетіп жатыр. Балжан Бидаш "Өмір көркем" бағдарламасында футболшы жігіт жайлы айтқан болатын.

"....Өте ақкөңіл, тәрбиелі, жақсы жігіт. Ата-анасы өте керемет, әр эфирден қалмай, бізге қолдау білдіріп келеді. Бір күні ата-анасы бешбармақ әкеледі, бір күні Ұлан жеміс-жидек әкеледі. Бізді еркелетеді, қамқор", - деген болатын Балжан Бидаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086910-qonaq-qyp-saqyrdy-balzan-bidas-bagdarlamada-birge-an-aitqan-futbolsy-zigittin-anasymen-kezdesti-video/

pixel