Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айлап сөйлемей жүре береді": танымал актриса "Күлпаш" рөлімен танылған күйеуі жайлы айтты

Жарияланған күні:

Берік пен Қарлығаш Тұрсынбековтер
Берік пен Қарлығаш Тұрсынбековтер. Видеодан кадр: Youtube/Зың-зың Күлпәш

Актриса Қарлығаш Тұрсынбекова көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған күйеуі Берік Тұрсынбековтің мінезі жайлы айтты. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында жолдасының қырсықса, айлап сөйлеспей қоятынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Беталды қызғану деген жоқ. Ол менің телефонымды қарамайды. Мен оның телефонын ақтармаймын. Оны іздеп, "Кімге не жазыпты" деп тіміскілеу болған емес. Отасқанымызға 23 жыл болыпты. Біреуден қызғанып, оны отбасы арасында талқылап, үлкен мәселеге айналдырмаппын.

Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырлап қалады ғой. Бірақ біздің ыдыс-аяқ көбінесе біреулер үшін сылдырлайды екен. Ондайда Бекең қырсық мінезіне басып, бір айлап сөйлемей жүре береді. Мен де кейде "Сөйлемей көрейінші" деймін. Бірақ ары кетсе 5 күн жүрем, ақырында шыдай алмай өзім сөйлеп қоям", - деді Қарлығаш Тұрсынбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса жүкті кезде үш күн аш жүргенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086919-bir-ailap-soilemei-zure-beredi-tanymal-aktrisa-kulpas-rolimen-tanylgan-kuieui-zaily-aitty/