Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрамаймын": Дариға Бадықова мен Олжас Абай жаңа фильмге саундтрек шығарды

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

Актриса Дариға Бадықова Ochooou атымен танымал актер Олжас Абаймен жазған саундтрегінің тұсауын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бадықова мен Абайдың шығармашылық тандемі тек экрандағы жұп ретінде емес, дуэт ретінде де жатталған. Осыған дейін екі актер "Сезім үшін" және "Жүрек" әндерін орындаған еді. Ал енді "Кешірім сұрамаймын" әнін жарыққа шығарып отыр.

Бұл Дариға Бадықованың тек актриса ретінде емсе, продюсер ретінде қызмет еткен екінші фильміне саундтрек болмақ.

"Жүректің түкіпірінен орын алған, орындалған ән! Сіздердің де жүректеріңізге жетеді деп үміттенеміз", - деді өнер иесінің өзі.

Актриса синглдің толық нұсқасы ресми Youtube арнаға шығатынын да айтты..

"Дуэттеріңіз бізді қуанта берсін, ән әндеріңіз хит", "Ән жүрекке әсер етті. Дариға, Олжас, құттықтаймын!", "Керемет ән" деп жазды жанкүйерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086928-ar-an-xit-dariga-badyqova-men-olzas-abai-zana-filmge-saundtrek-sygardy/

pixel