Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатым": Ерке Есмахан күйеуі Raim-ды туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Raim 28жасқа толды. Өнер иесін алғашқылардың бірі болып келіншегі Ерке Есмахан құттықтады. Әнші ару ұлдарымен бірге отағасына ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Raim 6 күн бойы туған қаласы Оралда болып, су тасқынынан зардап шеккендерге қолынан келгенше көмектесті. Хитмен Алматыға туған күніне қарсы оралған.

Өнер иесі жаңа жасын өз отбасымен бірге қарсы алған. Ерке Есмахан түнгі он екіден кейін отағасына торт сыйлап, оны бірінші болып құттықтады.

"Туған күніңмен, махаббатым", - деп жазды әнші ару.

Сонымен қатар Ерке Есмаханның үлкен ұлы Муслим де Raim-ге торт дайындап қойыпты. Жұлдызды жанұя ерекше отбасылық сәттің кадрларын Instagram желісінде жариялады.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086973-maxabbatym-erke-esmaxan-kuieui-raim-dy-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel