Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киноны қарызға түсірдім": Бағлан Әбдірайымов жаңа фильмі жайлы шындықты айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов "Zero Qaryz" атты жаңа фильмі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі 25 сәуірде көрермендерге жол тартатын туындысын қарызға түсіргенін мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов "Мархабат" бағдарламасына сұқбат беріп, екінші фильмі алдыңғысынан несімен ерекшеленетінін айтып берді.

"Киноны қарызға түсірдім. Шынымен қарыз болып қалдым. Бұл киноның түсірудің бағыты қызық болды. Алғашқы киноны жарыққа шығарған соң, мен үлкен эйфорияда жүрдім. Мен өзіме дәлелделім деп жүргенде, қасымдағы команда күнделікті сценарий оқи берді. Олар "мына кино қатты касса бермесе де, екінші кино касса береді" деді. Сол кезде түсірейік деп ұсыныс тастады. Мен келісіп, сол сәтте қасымда жүрген жігіттен қаражат та табыла қалды. Солай түсірдік. Бұл кинода комедия (ред. - элементтері бар)", - деді әнші.

Айта кетейік, өнер иесінің "Zero Qaryz" фильмі 25 сәуірде жарыққа шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087033-kinony-qaryzga-tusirdim-baglan-abdiraiymov-zana-filmi-zaily-syndyqty-aitty/

pixel