Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімде өзгеріс көп болды": әнші Еркін Нұржанов ел алдына неге шықпай кеткенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Еркін Нұржанов
Еркін Нұржанов. Фото: Instagram/ erkin_nurjanov_official

Отандық танымал әнші Еркін Нұржанов өнерден алыстап, ел алдына не себепті шықпай кеткенін ашып айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты шығармашылықтан үзіліс алуға мәжбүр болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркін Нұржанов өзін сахнаға көп шыққпай кеткені үшін сынға алған әріптестеріне "Мархабат" бағдарламасында жауап берді. Әнші мансабында өнерден алыстап кеткен кездері болғанын растап, оның себебін түсіндірді.

"Мен әдейі көп шықпай, әдейі ән жазбай кеттім дегендей емес. Қадыр Мырза Әлі ағамыз "Өнер де тірі ағза. Оның да шарықтау шыңы, тоқырау кезі, демалыс уақыты болады" деп айтқан еді. Сондай сәттер менде де болды. Жасыратыны жоқ, жеке өмірімде де көптеген өзгеріс болып жатты. Әкемнің денсаулығына байланысты Алматыдан Шымкенте қоныс аудардым. Жеке өмірімдегі өзгерістеріммен үзіліс жасап қойғаным рас", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087099-omirimde-ozgeris-kop-boldy-ansi-erkin-nurzanov-el-aldyna-nege-syqpai-ketkenin-tusindirdi/