Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әлішер Кәрімов 63 жасқа толған әкесіне жаңа көлік мінгізді (фото, видео)

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Фото: Instagram/alisher_k

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов әкесін туған күнімен құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті. Өнер иесі 63 жасқа толған әкесіне жаңа көлік мінгізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов Instagram парақшасында асқар тауы әкесімен түскен суретін жариялап, оған ақ тілегін жолдады.

"Бүгін асқар тау әкем пайғамбарымыздың с.а.с. жасына 63 жасқа толды. Туған қүніңізбен! Жүзге келіңіз", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы әкесіне туған күніне не сыйлағанын да көрсетті. Әнші оған жаңа автокөлік тарту еткен.

Кәрімов әкесінің жаңа көлігінде отырған сәтінен видео жариялап, елді тәнті етті. Қалың көпшілік құттықтаулар легін жалғастырып, ізгі тілектерін айтты.

"Құтты болсын, ата-анаңның ғасыр тойын көруге жазсын", "Әкеңіз жап-жас қой. Жүз жасасын, жүзінен күлкі кетпесін", "Сіз әкеңізге ұқсапсыз", "Туған күні құтты болсын. Барша ақ тілектерге қосыламын. Әкеңіз өте жақсы адам", "Осылай ортасына сыйлы болып жүре берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087588-ansi-aliser-karimov-63-zasqa-tolgan-akesine-zana-kolik-mingizdi-foto-video/

pixel