Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айыппұл алып қалмаңыз": жұлынған қызғалдақпен суретке түскен Ақбота Керімбекова елден сөз естіді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: Instagram/botakerim

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова желіде жұлынған қызғалдақпен түскен суретін жариялап, елден оңбай сөз естіді. Қалың көпшілік әншіге айыппұл арқалап қалуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова қызғалдақпен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің далада өсіп тұрған гүлді теріп алғанын көруге болады.

"Әлем әдемі, көктем әдемі. Мен және барша қазақтың қыздары әдемі! Әдемі қыздар, лүпіл басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге", - деген жазба қалдырды Керімбекова.

Аталмыш фото желіде бірден қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік әншіге қызғалдақты жұлғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін екенін жарыса жазды.

"Бұл қызғалдақ "Қызыл кітапқа" енбеген бе екен? Абайлаңызшы", "Байқаңыз. 11 млн теңге айыппұл салып тастамасын", "Жұлуға болмайды деп еді ғой", "Ойламаған жерден айыппұл алып қалмасаңыз болғаны", "Айыппұл салатын болды. Мына суретті бекер салдыңыз", "Заң қарапайым халыққа ғана арналған ба", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087612-aiyppul-alyp-qalmanyz-zulyngan-qyzgaldaqpen-suretke-tusken-aqbota-kerimbekova-elden-soz-estidi/

pixel