Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атанды

Опубликовано:

Роза Қуанышқызының марапатталу сәті
Роза Қуанышқызының марапатталу сәті. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты

Роза Қуанышқызы Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атанды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты.

Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында еліміздің мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.

"Қырғыз Республикасының Халық әртісі" құрметті атағы қазақстандық белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаевқа, танымал эстрада әншісі, киноактриса Роза Рымбаеваға берілді.

Осы орайда әнші Роза Рымбаева мәдениеттің шекарасы жоқ екенін атап өтті.

"1996 жылы маған Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. 28 жылдан кейін "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағын алып отырмын. Бұл мен үшін үлкен жетістік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087720-roza-rymbaeva-qyrgyz-respublikasynyn-xalyq-artisi-atandy/

pixel