Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап қалдым": Сара Амангелді кинопродюсер анасы өзін фильміне түсірмей қойғанын айтты

Опубликовано:

Сара Амангелді
Сара Амангелді. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Отандық танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді кинопродюсер анасына қатты ренжіп қалғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, Гүлнұр Мамасарипова қызын "Біз екеуміз" атты туындысына түсірмей қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Амангелді аталмыш киноға түскісі келгенін жасырмады. Алайда жұлдызды анасы басты рөлге актриса Гүлназ Жоланованы бекіткен.

Әнші ару анасының бұл әрекетіне бастапқыда қатты ренжіп, тіпті жылап қалғанын айтты.

"Анама ренжідім, шынымен жыладым. Осындай мүмкіндікті бермей қойған кезде кішкене бір түрлі болып қалады екенсің. "Мен де сол жолда жүрмін ғой" деген сияқты арам ой болды. Оның несін жасырамын", - деді Сара Амангелді "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087759-zylap-qaldym-sara-amangeldi-kinoprodyuser-anasy-ozin-filmine-tusirmei-qoiganyn-aitty/

pixel